«Алаш» партиясының 100 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Ресей, Татарстан, Өзбекстан елдерінен ғылыми қызметкерлер келген. Олар өздерімен бірге құнды құжаттарды да әкелген. Конференция барысында «Алаш Орда» үкіметінің тарихы жөніндегі аса ерекше объективті дереккөздер, сайма-сай құжаттар және естеліктердің түпнұсқалары көрсетілді. Жиынға қатысушылар тарихты түгендеп, фактілерді құжаттармен қуаттау тұрғысында кең талқылау өткізді. Бұдан бөлек, тарихи құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алаш» партиясының 100 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20699/)