Петропавлда кәріз жөндеушілерді күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда кәріз жөндеушілерді күйік шалды

20.02.2025

Петропавлда кәріз коллекторын жөндеу кезінде құбырдағы жиналған газ ұшқыннан тұтанып, от шығып, 5 адам жарақат алды. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. 

Эльмира Кәленова, тілші:

Оқыс оқиға болған жерден тікелей байланысқа шығып тұрмыз. Дәл осы кәріз коллекторын жөндеу кезінде құбырда жиналған газдан ұшқын шыққан. Салдарынан 5 жұмысшының бетін күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бір адам үйіне жіберілген. Қалғандары ауруханада емделеді. Науқастардың бірімен тілдескен едік.

Бауыржан Ибраев, науқас:

Құдықтың ішінде құбыр бар. Соны бұзып жатқанда ұшқын шығып, газ шыққан. Екі құбырдың арасында газ болған екен, біз су шығатын шығар деп ойлағанбыз. Газ ұшырып жіберді. Сосын жедел жәрдем келді. 

Эльмира Кәленова, тілші:

Жұмысшылардың шошып қалғаны аңғарылады. Ақ халаттылар емдеу курсы шашамен 7-10 күн бойы жалғасатынын айтты. Істің мән-жайын полиция анықтайды. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу