Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі кеніште болған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылғанын, нысандардың қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен екенін сынға алды.
«Бұған компаниялардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмауы себеп», - деді Президент.
Сол үшін қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Бұл қатарда өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздік нормаларын тексеру, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу, саланы цифрландыру және жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту міндеті бар.
Серік Жұмабек
