Ақтөбе мен Ақтауда боранның салдарынан жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе мен Ақтауда боранның салдарынан жол жабылды

21.02.2025

Ақпанның ақтүтек бораны ақтөбеліктерді әуреге салды. Бүгін түстен кейін «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Н.Байғанин ауданынан Атырау облысына дейінгі бөлігі жабылды.

Облыс орталығынан Ойыл және Сазды ауылдарына дейін, сондай-ақ Ақтөбеден Қарауылкелді елдімекеніне қарай көлік қозғалысына рұқсат жоқ.

Маңғыстауда да түннен бері толассыз қар жауып, барлық бағыттағы жолдар жабылған болатын. Дегенмен, түстен кейін көлік қозғалысы қайтадан қалпына келді. Атырау - Маңғыстау, Жетібай-Жаңаөзен-Түрікменстанмен арадағы тас жолдар ашылды.

Жақсыбек Кемал, Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу