«Майқайың» кен байыту комбинатында болған апатқа қатысты екі мемлекеттік қызметкерге үкім шықты. Оларға өз міндеттеріне жүрдім-бардым қараған деген айып тағылған еді. Нақты айтқанда облыстық өндірістік қауіпсіздікті қадағалау департаментінің бөлім басшысының бас бостандығы 3 жылға, ал бас маманның еркіндігі екі жылға шектелді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қаңтар айында Майқайыңдағы алтын өндіретін шахта аумағында топырақ опырылып, автобус шыңырауға құлаған болатын. Апат кезінде төрт құтқарушы қайтыс болды.
