Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша құрылған «Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің 1 жылдығын атап өтті. Балаларға ерекше тарту жасады. Театрда жыл басынан бері мектеп оқушыларына, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге қайырымдылық концерті ұйымдастырылған-ды. Бір жылдық аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен есту қабілеті нашар мектеп-интернатының оқушыларына театр ұжымының концерті мен тегін мультипликациялық фильм көрсетілді. Басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдеп, көпшілік назарынан тыс қалдырмай, қолдау көрсету.
Берік Жүсіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:
- Жалпы, мұндай шаралар театрымызда жыл бойы өткізіліп келе жатыр. Міне, осындай 20-дан аса қайырымдылық шара өтті. Енді, өзі Алла Тағаланың жазылмаған заңында да адам баласы жасаған заңының қай тармағы қай саласында да қайырымдылық мәселесі қолданып отырады.
Мирас МҰҚАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің 1 жылдығын атап өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20724/)