Ақмола облысында 2 жастағы асыранды баласын өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған зейнеткер әйел 21 жылға сотталды. Ал оның 30 жастағы қызы кәмелетке толмаған баланы азаптағаны үшін айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жантүршігерлік қылмыс Щучье қаласында осыдан 5 жыл бұрын болған. Алайда тек өткен жылы аяқасты әшкере болды. Яғни олар қамқорлықтарына алған 5 баланың бірі басы жарылып ауруханаға түскенде оның куәлігінің орнына қайтыс болған баланікін берген. Осыдан кейін полиция отбасын тексере бастайды. Күдіктілер өткен жылдың сәуір айынан тергеу аяқталғанға дейін қамауда болды.
Дархан Бейсенов, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387, 390, 393, 398 баптарын негізге ала отырып, сот Кухаль Надежданы қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын бекітеді.
Бибінұр Әмірханқызы
