Соңғы екі жылда Жетісу облысында төрт қаржы пирамидасы анықталып, жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда бұл заңсыз құрылған ұйымдардан зардап шеккен тұрғындар саны 300-ге жуықтады. Олар 306 млн теңге ақшасын салып опық жеген. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ғаламторда қаржы пирамидаларын жарнамалайтын 492 сайт пен әлеуметтік желіде 16 аккаунтты бұғаттаған. Мамандардың айтуынша, оңай олжаға жылдам кенелгісі келетіндер қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен үйде отырған қыз-келіншектер көп.
Жанел Бертісов, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
Қазіргі таңда зейнеткерлер жапа шегіп отыр. Себебі неде? Өйткені олар пирамидаға қаржысын салып, оны тез арада шығарып аламын деп ойлайды. Содан кейін ақшасынан айырылып қалады.
Қуаныш Қанатұлы
