СҚО-да су басуы мүмкін елдімекендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да су басуы мүмкін елдімекендер анықталды

04.03.2025

«Қазгидромет» мамандары өзен-көлдерге күніне 2 рет гидрологиялық мониторинг жүргізе бастады. Су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 20-85 сантиметр аралығында. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен. Бұл фактор мұз кептелісінің қаупін жоғарылатады. Петропавл қаласы мен Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су басу қаупі жоғары. Ал Тайынша, Ш.Уәлиханов, Ақжар, Темирязев пен Айыртау аудандарында табиғи апат қаупі орташа деп бағаланып отыр. Жалпы облыста су басуы мүмкін 116 елді мекен тіркелген. Қауіпті аймақта 15 мыңға жуық адам тұрып жатыр. 250 эвакуациялық пункт әзірленді. Тасқын қаупін төмендету үшін қар сыртқа шығарылып жатыр.

Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

Болжамға сәйкес Сергеев су қоймасы арқылы 1,7-ден 3,1 млрд текше метрге дейін су өтуі мүмкін. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан екі есе аз. Алайда тиісті мөлшерден 2 есе көп. Су қоймасы 101 пайызға толып тұр. Мұндай құбылыс тарихта болмаған.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу