Былтыр оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардан 536 медаль алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардан 536 медаль алған

04.03.2025

Былтыр халықаралық пәндік олимпиадаға қатысқан қазақстандық оқушылардың жартысы жүлделі орын алған. Орталық коммуникациялар алаңында айтылғандай, ұлттық құрама қоржынына түскен 536 медальдің 77-сі алтын, 201-і күміс, ал 285-і қола. Сондай-ақ 51 қатысушы грамота алған. Мысалы химия олимпиадасында оқушылар екі дүркін әлем чемпионы атанса, робототехника жарысында дүниежүзілік чемпионатта үш дүркін әлем чемпионы болған. Жалпы былтыр Қазақстан құрама командалары әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысқан. Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар мен оларды дайындаған педагогтар бір реттік мемлекеттік сыйақы алады.

Гаждембек Тұрсынов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

Алтын медаль үшін 1 500 АЕК, күміс медаль үшін 1 000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК. Алтын медаль алған оқушыны дайындаған ұстазға лауазымдық жалақысының 26,5 еселенген мөлшерінде, күміс медаль алғанға 17,5, қола медаль алғанға 8,5 еселенген мөлшерінде біліктілік арттыру деңгейіне сәйкес сыйақы беріледі.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу