Түркістан облысында 92 млн теңге жымқырған алаяқ сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 92 млн теңге жымқырған алаяқ сотталды

07.03.2025

Жұмыс визасын жасап беремін деп тұрғындардың 92 млн теңгесін жымқырған алаяқ сотталды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады. Ол 2023-2024 жылдар аралығында өңірдегі 23 адамнан ақша алып, алдап кеткен. Оның кінәсі толық дәлелденіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 23 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу