Фестивальге 5 пен 25 жас аралығындағы дәстүрлі өнер шеберлері қатысты. Олардың арасында Венгрия, Түркия, Моңғолия, Қырғызстаннан келген қатысушылар да бар. 130-дан астам орындаушы халық музыкасы, халық аспаптары, халықтық ансамбльдер және эстардалық вокал номинациялары бойынша бақ сынады. Фестиваль аясында «Алатауды жаңғыртқан: домбыра мен қомызым» атты қазақ-қырғыз елінің дәстүрлі өнерпаздарының кеші ұйымдастырылды.
Сәуле Жанпейісова, «Аманат» өнер орталығының жетекшісі:
- Дәстүрлі өнер, әсіресе, жастарды тәрбиелеу - біздің мақсатымыз. Атының өзі айтып тұрғандай, «Аманат» бұл біздің бабаларымыз қалдырған аманат. Біз өзімізден кейінгіге көпір болып, соны жалғастыру керекпіз.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Аманат musik» атты I халықаралық фестиваль өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20796/)