![Елордада «Салем, Астана!» мерекелік шара өтіп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2469.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дәл қазір қаланың барлық жерінде Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Ал Конгресс-холл жақтағы орталық алаңда №1 музыкалық мектептің оқушылары мен ұстаздары ән мен жырды төгуде. Бірі бұралып, би билесе, енді бірі күмбірлеген күміс күймен көрерменді тебірентті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тыңдарман көптеп жиналып, мейрамды шаттанып қарсы алуда. Қала конақтары да Астананың 18-жылдық мерейтойында ән мен жырдан сусундап, мәз-мейрам.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Салем, Астана!» мерекелік шара өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/208/)