Солтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады

10.03.2025

Алдағы 3 күнде солтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» 11-13 наурызға арналған болжамдарымен бөлісті. Солтүстіктегі өңірлерде солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар жауады, қатты жел соғып, көктайғақ болады. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде керісінше ашық әрі жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстікте ауа температурасы түнде -17, шығыста -25 градусқа дейін түссе, батыс және оңтүстік өңірлерде түнде 4-5 градус жылы болады. Күндіз +22-ге дейін көтерілуі мүмкін. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу