Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Оның сәлемін сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов жеткізді. Мемлекет басшысы Ақордада бауырлас елдің сыртқы істер министрін қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанды сенімді стратегиялық серіктес және одақтас деп атады.
Тараптар Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту жобаларын талқылады. Сондай-ақ сауда, инвестиция, цифрландыру және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
Шерхан Жамбылұлы
