Абай облысындағы Үржар ауданында 3 күн бойы толассыз жауған қар кісі бойынан асып кетті. Әсіресе таулы аймақта орналасқан ауыл тұрғындары қиналып отыр. Елді мекендермен қатынас үзіліп, бірқатарында жарық сөнді.
Ержан Жақып, тілші:
Біз қазір аудан орталығы Үржар ауылында тұрмыз. Мұнда соңғы күндері ауа райы күрт бұзылған. Тәуліктеп жауған қардың қалыңдығы 60-70 сантиметрге, таулы аймақта тіпті 1,5 метрге жеткен. Салдарынан электр сымдары сулы қардың салмағына шыдас бермей үзіліп 13 елдімекенде жарық сөніп қалған.
Ауылдармен қатынас қалай? Әлеуметтік желіде ат бойынан асатын қардың видеоcы тарап жатыр.
Ержан Жақып, тілші:
Cіз айтып тұрған Қазымбет ауылындағы жағдай дәл видеодағыдай. Тарбағатай тауының етегінде орналасқан ауылдардың денінде қар тым көп түскен. Қазір 35 елдімекенмен қатынас қалпына келтіріліп6 жол ашылып жатыр. Аудандағы барлық ауыр техника мен шаруа қожалықтарының техникасы жұмылдырылған. Қосымша Семей, Жарма мен Аягөз аудандарынан электр желілерін қалпына келтіру үшін мамандар мен техника көмекке келген. Қазір жарық бар. Аудан әкімшілігі қар астында қалған ауылдарда мал азығы жеткілікті деп отыр. Жалпы6 мамандар ауданда 3 ауылға тасқыннан кауіп бар дейді.
Ержан Жақып
