АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық алюминий мен болатқа тарифті ресми түрде 25% көтерді. Оның ойынша, бұл қадам Құрама Штаттарда жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Алайда Брюссель Американы жауапсыз қалдымады.
Осыдан бірер сағат бұрын мәлім болғандай, Еуропа одағы АҚШ-тан келетін 26 миллиард еуроның алюминийі мен болатына ғана емес, өзге де тауарларға салықты өсірген. Кейбір сарапшылардың ойынша, сауда соғысы жалғаса берсе, қор нарықтарында акциялар құны құлдырап, жаһан экономикасының дамуы баяулауы ғажап емес.
Арыстан Рысбек
