Астанада Ататүрктің өмірден озғанына 79 жыл толуына арналған фотокөрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ататүрктің өмірден озғанына 79 жыл толуына арналған фотокөрме өтті

13.11.2017

Астанада Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрктің өмірден озғанына 79 жыл толуына арналған фотокөрме өтті. Шараның ашылуына елшілік өкілдері мен түркітанушылар қатысып, аңыз адамның ерлік істерін еске алды. Көрмеге тарихи маңызы зор 40 сурет қойылған. Фотолардың барлығы Ататүріктің өзі негізін қалап кеткен «Түрік тарихы» ұйымының архивінен алынды. Көрмені Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратына барып, тамашалауға болады.

Алмагүл Исина, Юнус Эмре Атындағы Түрік мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Қазақстан халқы Ататүрікті өте жақыннан танысын, оның әртүрлі кезеңдегі тарихи еңбектерін білсін деп осы көрмені әкеліп отырмыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу