Шымкентте жол ережесін бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жол ережесін бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды

13.03.2025

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды. Олар түнгі уақытта қала көшелерінде жылдамдықты шектен тыс асырып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Қос доңғалақты көлікті тізгіндегендердің барлығы да 18 бен 20 жас аралығындағы бозабалалар. Олардың шектен шыққан әрекеті көшедегі бейнекамераларға түсіп қалған.

Жедел басқару орталығындағы мамандар патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріп, құқық бұзушылардың барлығы ұсталды. Мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың көліктері айып тұрағына қойылды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу