Жүлделі орындарға ие болған жастардың арасында мектеп оқушылары мен студенттер де бар. Аталмыш байқауға жас ақындар мен қаламгерлерден өтініштер 11-қыркүйектен 11-қазан аралығында қабылданған еді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткен байқауға алғашында 200-дей жұмыс келіп түскен. Екінші кезеңге 50 жұмыс іріктеліп, соңында үздік 9 қатысушы жеңімпаз атанды.
Жас журналистер сайысы публицистика, поэзия және проза аталымдары бойынша өткізілген еді. Жүлде қоры – 660 мың теңге. «Байқаудың басты мақсаты – талантты жастарды қолдау»,- дейді ұйымдастырушылар.
Ерболат Қуатбеков, байқауға қатысушы:
- «Аңсар» байқауы әдебиетте, шығармашылықта жүрген жастарға үлкен мүмкіндік береді. Шарттары шығармашыл адамға өте ыңғайлы. Өйткені, бұл жерде еркін тақырып.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Республикалық «Аңсар» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20826/)