Қазгидромет: Республика бойынша ауа температурасы көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Республика бойынша ауа температурасы көтеріледі

14.03.2025

Қазгидрометтің болжамы да көңіл көншітпей тұр. Алдағы күндері ел аумағына екі түрлі циклон қатар жүреді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарда құрғақ және тұрақты ауа райы болжанып отыр. Ал Батыс, Солтүстік және оңтүстік аймақтарда солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Көктайғақ болуы мүмкін. Кей өңірлерде тұман түседі. Батыста ауа температурасы түнде 7 күндіз 20 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік облыстарда түнде -10 градус аяз болса, күндіз +10-ға дейін температура көтерілуі мүмкін. Оңтүстікте ауа температурасы 23 градусқа дейін жылиды.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу