Профессор: Курчатов қаласы – ғылыми зерттеулер жүргізуге қолайлы орын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Профессор: Курчатов қаласы – ғылыми зерттеулер жүргізуге қолайлы орын

15.03.2025

Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Курчатовты екінші ғылым қалашығы ретінде ұсынды. Аталған қала – экологиялық мәселелерді, ядролық-физика, энергетика салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге ең қолайлы орын. Профессор Сейітхан Азатұлы осылай деп отыр. Ол қалашықта қазіргі заманның бүкіл ғылыми жетістіктері мен талаптарына жауап беретін ғылыми инфрақұрылым толықтай қалыптасқан, дейді.

Сейітхан Азатұлы, қауымдастырылған профессор:

Бұл жерлерде осы салаларда жұмыс істейтін көптеген әлемдік зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар бар. Біз Қазақстанда бірінші атом электр станция саламыз деп шештік. Яғни, осы салаға көптеп мамандар тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік туады деп ойлаймын. Сонымен бірге, металлургия, қоршаған орта саласында мамандар дайындауға қолайлы орын.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу