Құтқарушылар бір үйір жылқыны су ортасынан аман алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушылар бір үйір жылқыны су ортасынан аман алып шықты

18.03.2025

Ақтөбе облысында құтқарушылар су ортасында қалған бір үйір жылқыны аман алып шықты.

Оқиға Темір ауданында болған. Ауыл тұрғыны 17 бас жылқының өзенге жақын жерде су ортасында қалып қойғанын хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап алып шықты. Мал шығыны жоқ. Еріген қар суы тек төрт түлікке емес, адамдарға да кедергісін келтіріп жатыр. Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап “Қандыағаш-Ембі” тас жолына көлік қозғалысына шектеу қойылды. Себебі қарғын су жолдың үстінен асып ағып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу