Республика бойынша биыл 2 мыңға жуық мектеп түлегі, колледж дипломын алады. Оқуды тәмамдаған астаналық оқушыларға дипломдары табысталды. 10-11 сынып оқушылары 1 жарым жыл бойы мектеп білімімен қатар кәсіптік-техникалық білім беру ұйымына қатынап, арнайы мамандықты меңгеріп шықты. Олардың басым көпшілігі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» , «Дәнекерлеу ісі» сынды мамандықтарды таңдаған. Айта кетейік, түлектердің қос білім алуын көздейтін жоба 2023 жылы пилоттық режимде басталған.
Мақсат - жастардың жұмысшы мамандықтарды игеруге қызығушылығын ояту.
Динара Жарқынбек
Динара Жарқынбек
