Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың нәтижелері қаралды. Үкімет пен мемлекеттік органдар негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндады. Қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуі қажеттігі айтылды. Сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитет төрағасы Ермек Сағымбаев атқарылып жатқан шаралар туралы есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелді.
Шерхан Жамбылұлы
