Қарағандыда «Армысың, әз Наурыз!» атты дәстүрлі айтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Армысың, әз Наурыз!» атты дәстүрлі айтыс болды

18.03.2025

Қарағанды қаласында «Армысың, әз Наурыз!» атты дәстүрлі айтыс додасы өтті. Аламанға Арқаға танымал Айтбай Жұмағұлов, Тілеген Әділов, ақтаңгер ақын Дидар Қамиев, «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов қатысты. Ақындар суырып салма өнердің шеберлігін көрсетіп, жиналған жұртты жырымен сусындатты. Ақсүйек өнердің жанашырлары Кеншілер сарайына лық толып, 3 сағатқа созылған өнер сайысын тапжылмай көрді.

Айтбай Жұмағұлов, айтыс ақыны:

Айтыстың ерекшелігі – Шашубай мен Доскей, қоғам қайраткерлері Тәшенов пен Бөкетов, өнер майталмандары Мәди мен Тәттімбетке арналып отыр. Ақындар осы тұлғаларды жан-жақты ашып, елге керемет кеш сыйлайды деп ойлаймын.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу