Бүгін Шымкент қаласында ұлттық киім дизайнерлерінің көрмесі өтті.
Оған мегаполистен бөлек Түркістан облысы мен Алматы қаласынан келген 20-ға тарта сән үйі өздері тіккен брендтік киім үлгілерін шығарды. Олардың барлығы да бұған дейін өткен «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім байқауының жүлдегері атанған дизайнерлер. Көрмеде бірнеше номинация бойынша дефиле көрсетілді. Жұртшылық ұлттық киімдердің күнделікті жұмысқа ыңғайлы және жас жұбайларға арналған нұсқасын тамашалады. Көрмеде сатып алушылар үшін де арнайы орын дайындалды.
Азамат Айтбаев, көрмені ұйымдастыру тобының мүшесі:
Бүгін әркім сән етіп көрсетеді. Егер әрқайсының мән-мағынасын білемін дейтін болса, бөлек көрме ұйымдастырып қойдық. Сол жерге келіп сұрап, ақпарат алса болады. және де қатысып отырған дизаинерлерлі болашақта ұлттық киім байқауын ұйымдастырып шақыратын боламыз.
Ғани Қалмаханов
