Павлодарда ұлттық құндылық насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ұлттық құндылық насихатталды

18.03.2025

«Шаңырақ күніне» орай Павлодар қаласында үлгілі отбасылардың құндылықтары насихатталды. Мәселен отасқандарына 55 жыл болған ұлты поляк ерлі-зайыпты Василий және Станислава Зейф, 30 жыл бірге тұрып келе жатқан кәріс ұлтынан Юрий Эм мен Лариса Цой Ассамблея жастарымен ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті, отансүйгіштік, еңбекқорлық, қоғамдағы жауапкершілік жайлы сұқбат өткізді. Юрий Эмның отбасында 4 бала бар. Екі үлкені Кореяда оқыпты. Бірақ диплом алған соң бірден Қазақстанға қайтқан. Қазір әке жолын қуып, еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүр.

Юрий Эм, Павлодар қаласының тұрғыны:

Отбасын құрған соң бір біріне деген сыйластық басты орында болу керек. Бұл жерде әкенің жауапкершілігі ерекше болу керек. Өйткені отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету өз алдына, балаға Отанға қызмет етуді үйрету деген негізгі міндет бар.

Лариса Цой, Павлодар қаласының тұрғыны:

Біздің шаңырақ құрғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл ішінде қаншама ауыртпалықтар болды. Қазір бәрі артта қалды. Мен өте бақыттымын! Өйткені балаларым жанымда.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу