Ұлттық киім күнін ақтөбеліктер ерекше тойлап жатыр. Орталық алаңға 2 000 тұрғын жиналған.
Халық алдымен ұлттық киімдер керуенін тамашалады. Батыр бейнесіндегі жігіттер бастаған топ орталық көшемен жүріп, негізгі шаралар өтіп жатқан алаңға келіп тоқтады. Фестиваль аясында флэшмоб, ұлттық киімдер дефилесі және жергілікті тігіншілердің ұлттық киімдері көрсетілді. Шараға студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері белсене қатысты. Аймаққа белгілі өнер және мәдениет саласының қызметкерлері де осында.
Жұлдыз Қожабекова, айтыс ақыны:
Ұлттық киім – ұлттың бейнесі ғой, Бұл жай ғана киім емес, ғасырлар тоғысындағы бабаларымыздың мәдениеті, ғұмырын, болмысын айшықтайды. Мен осы Наурызнама тұжырымдамасына ұлттық киім күні үшін ерекше ризамын. Себебі дәл осы күнді жастар ұғынып келе жатқан сияқты.
Жақсыбек Кемал
