Кеште қазақтың дәстүрлі әндері мен тағлымға толы термелер орындалды. Ескі, әрі есті әндерді естіген көрермен Тельманның талантына тәнті болып, қоңыр дауыс иесіне ерекше қошемет көрсетті. Сондай-ақ, сахнада әншінің қызы мен шәкірттері ән салды. Тельман Нүркенов өзінің шығармашылық кешін Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арнады.
Қайрат Байбосынов, Қазақстанның Халық әртісі:
- Тельман - біздің университетіміздің беделді мұғалімі, шәкірт тәрбиелеп, үлкен шығармашылық ізденіс үстінде жүрген азамат. Оған шығармашылық табыс тілеймін.
Досымжан ЕРМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шабыт» сахнасында Тельман Нүркеновтің «Ән қанатында» атты шығармашылық кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20844/)