Биыл мектеп оқушыларының емтиханы жылдағыдан кеш аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Себебін Құрбан айт мерекесіне байланысты деп түсіндірді.
Бұйрық жобасы «Ашық» порталына жарияланған. Талқылау 7 сәуірге дейін жалғасады.
Құжатқа сәйкес, 9-10 сынып оқушылары үшін білім сынағы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Бұрын соңғы емтихан 9 маусымда болатын.
Ал 11-12 сынып оқушылары үшін емтихан тапсыратын уақыт 30 мамыр мен 16 маусым аралығы деп бекітілген. Бұрын 13 маусымға дейін бітетін.
Асылбек Данияр
