Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады. Кездесуде Түркістан облысындағы Turan арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру міндеті қаралды. Ауқымды жоба мақта өсіруден бастап, дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды. Оған 50 мың гектардан астам жер бөлініп, 10 зауыт салу жоспарланған. Инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асады. 3 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады. «Қазір құбыр зауыты іске қосылып, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды. Қазан айында алғашқы дайын өнім шығарылады», - деді компания басшысы. Олжас Бектенов жобаның ауыл шаруашылығы мен экспортты дамытуға қосатын үлесін ерекше атап, Үкімет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Серік Жұмабек
