Таразда көпшілік көне жәдігерлерді тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда көпшілік көне жәдігерлерді тамашалады

24.03.2025

Ал Таразда Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер көпшілік үшін нағыз көрмеге айналды. Жұрт назарына 19 және 20 ғасырдағы қазақ әйелдерінің киімдері мен әшекей бұйымдары көрсетілді.

Алыстан мен мұндалаған ақшаңқан киіз үйлерді тамашалған жұрт күмістен жасалған сырға, білезік, шашбау, шолпы, бойтұмар, өңіржиек әшекейлеріне көз тоқтатып, кәжекей, кеудешелерді де көрді. Сондай-ақ ерте заманда ер азаматтардың қолданған бұйымдары қойылған. Ал жәдігерлердің барлығы облыстық тарихи өлкетану музейіне тиесілі.

Даяна Мәденова, Тараз қаласының тұрғыны:

Наурыз мерекесіне орай осындай іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқаны өте керемет. Маған өзіме қатты ұнады. Ер адамның киімдері қапсырма, белдеме түрлері де көрсетілген екен. Менің ойымша мұндай дүниелер ұмыт болмауы тиіс және мұндай ерекше әшекей бұйымдар заманауи дизайнерлерге үлкен бір идеялар береді деп ойлаймын.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу