1 сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады

24.03.2025

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1-сәуірде басталады. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ата-аналардың өтініші бойынша балалар мектепке 6 жастан бастап қабылданбақ. Құжаттарды egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз нұсқада 31 тамызға дейін тапсыруға болады.

Қажетті құжаттар тізіміне тоқталсақ, ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, денсаулық жағдайы туралы анықтамасы және баланың денсаулық паспорты. Сондай-ақ 3х4 өлшемді 2 сурет.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу