Грекия астанасы Афинада өткен көркем гимнастикадан 10-халықаралық турнирде де, қазақстандық спортшылар жүлделі орынды иемденді.
«Афродита кубогына» әлемнің 27 елінен 300-ге жуық гимнаст қатысты.
Дүбірлі додада жерлестеріміз доп, шеңбер айналдыру, қысқа шоқпар таяқпен өнер көрсетуде бәсекелестерінен озық түсіп, 11 алтын, 6 күміс, 1 қола медальды қанжығаларына байлады. Қазақстандық спортшыларға еліміздің Грекиядағы елшілігінің ұжымы мен диаспора өкілдері қолдау көрсетті.
Сондай-ақ, «Афродита кубогының» 10 жылдық мерейтойына орай, осы турнирге он жыл қалмай қатысқан Қазақстан құрамасына арнайы жүлде табыс етілді.
Нұрсұлу Қасым
