Жетісу облысында 4 дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 4 дәрігерлік амбулатория ашылды

26.03.2025

Жетісу облысының Панфилов ауданында 4 дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа емдеу мекемелері Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан және Ақжазық елдімекендерінде ашылып, 9 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Бұл ауылдарда бұған дейін ауырып-сырқаған ағайынға медициналық көмек ескі немесе бейімделген ғимараттарда көрсетіліп келген. Бір үлгіде салынған нысандардың әрқайсысы 450 шаршы метр. Барлық қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтары бар. Күндізгі бөлім, оңалту бөлмесі, зертхана және алғашқы жәрдем көрсетуге барлық жағдай жасалған.

Сарқыт Сұлтанғұлова, Алмалы ауылының тұрғыны:

40 жылдан бері жыртық үйдің құдайы бар деп ескі амбулаторияда отырдық. Осы қыздардың арқасында сол амбулаторияда емделдік. Көбінесе жолдамамен Жаркентке баруға тура келетін. Талай науқасты Жаркентке тасыдық. Енді кәдімгідей өзіміз сарайымыз кеңейіп, кең дүниеге кіргендей болып қуанып жатырмыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу