Министр: Лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің диагнозы күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: Лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің диагнозы күрделі

26.03.2025

Лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің диагнозы өте күрделі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Оның сөзінше, жасөспірімнің анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, ем-домды үзіп алған кездері де болған. Салдарынан ауру асқынған, дейді министр. Еске салайық, оқиға 11 ақпанда болған еді. Кейіннен жасөспірімнің арнайы психодиспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бұған дейін анасынан балам тиісті деңгейде емделмей жатыр деп шағым түсті. Алайда сот-медициналық сараптама жүргізіліп, бұл фактілер расталған жоқ. Сондай-ақ енді емнен бас тартқан жағдайда баланың ата-анасы мен қамқоршыларының жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз.

Айдана Қуантқан


Хабарламаларға жазылу