Шығыста осы аптаның соңынан бастап күн райы күрт жылына бастайды. «Қазгидромет» орталығының мамандары өңірдегі оңтүстік аудандарда күн 10-12 градусқа дейін жылитынын хабарлады.
Таулы аудандардағы қардың көбесі де сөгіле бастады. Сондықтан қар тоқтаусыз еріп, өзендердегі судың деңгейі көтерілуі мүмкін. Облыста құрылған шедел штаб мүшелері Алтай мен Қатонқарағай ауданындағы жағдайға нақты көз жеткізу үшін әуден шолып шықты. Алтай тауларындағы қардың қалыңдығы 2,5 метрден асады. Ал Қатонқарағай ауданында 1 метрге жуықтайды. Әзірше жағдай тұрақты.
Олжас Керейхан
