Абай облысында жаяу жүргіншілер 3,5 млн теңге айыппұл төлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында жаяу жүргіншілер 3,5 млн теңге айыппұл төлеген

27.03.2025

Жыл басынан бері Абай облысында 781 жаяу жүргінші ереже бұзғаны үшін айыппұл төлеген. Жол ережесін елемей, белгіленбеген жерден өткен жағдайда 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 8 мың теңгеге жуық айыппұл қарастырылған. Тек үш айдың өзінде 3,5 миллион теңгеден аса айыппұл салыныпты. Ережені қайталап бұзғандар үшін айыппұл 80 мыңға дейін өседі.

Алайда заңға бағынбайтындардың азаятын түрі жоқ, дейді тәртіп сақшылары. Сондықтан полиция адам көп жүретін жерлерде бейнебақылау камераларын көбейтіп, алдын алу шараларын күшейтті.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу