Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды

27.03.2025

Спортта легионерлерге бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландыру тоқтатылады. Бүгін Сенатта спорт саласына үлкен өзгерістер енгізетін Заң жобасы мақұлданды. Егер болашақта белгілі бір аймақтық клуб өз қатарына басқа елдерден спортшы шақырғысы келсе, оған тыйым салынбайды. Бірақ оған төленетін жалақысы мен келісімшартын бюджеттен тыс қаражаттан өтейді, яғни демеушілік көзден тартады. Бұдан бөлек қабылданған құжатта ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымының қызметін заңның жеке бабында регламенттеу көзделген. Өзгерістер республикалық және өңірлік спорт федерацияларының мәртебесіне де әсер етеді. Нақты айтқанда, олар ұлттық спорт федерациялары болып өзгертіледі. Сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорттық білім беру ұйымдарының жаттықтырушы-оқытушылары үшін аптасына 18 сағаттық нормативтік оқу жүктемесі енгізіледі.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Бүгін қаралған заң – спорт саласын басқаруды жетілдіру бағытында іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңда спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер қамтылды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу