Бүгін – Дүниежүзілік театр күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік театр күні

27.03.2025

Бүгін – Дүниежүзілік театр күні. Мәдениет және Ақпарат министрі еліміздегі өнер адамдарын кәсіби мерекемен құттықтады. Аида Балаеваның сөзінше, бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді. Олардың 57-сі мемлекеттік. Атап айтсақ, 11 республикалық, 46 өңірлік театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл театр өнерінің дамып келе жатқанын, сұранысқа ие екенін көрсетеді. Қазақстан театрлары төл мәдениетті халықаралық аренада да танытып жүр. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 46-сы шетелде өтті. Отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу