Бір сағат бұрын Жамбыл облысы аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Қазір дүмпудің қарқыны нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында. Зардап шеккендер мен ғимарат бүлінді деген мәлімет жоқ.
Меркі ауданында болған жер сілкінісінен кейін «Балдаурен» балабақшасы жабылды. Өйткені бөбекжай ғимараты 40% бүлінген. Қабырғалары қақырап, сылақтары сыпырылып түскен. Енді 250 бала сәуір айының ортасына дейін балабақшаға бармайды. Ал аудандық білім бөлімі бүлдіршіндерді басқа мекемелерге бөлу жұмысына кірісіп кетті.
Данияр Әлімқұл
