Жер сілкінісі: Үкіметтік жұмыс тобы Жамбыл облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінісі: Үкіметтік жұмыс тобы Жамбыл облысына барды

28.03.2025

Жер сілкінісінен кейін Президент Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің соңғы ахуал жайлы баяндамаларын тыңдады. Ал Премьер-министрге әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша көмек көрсетуді тапсырды. Осыған орай Үкіметтік жұмыс тобы құрылып, жаңа ғана Жамбыл облысына жетті. Олар жергілікті органдарға шығынды бағалау және қалпына келтіру жұмыстарында көмектеседі. Жұмыс тобы құрамында Төтенше жағдайлар вице-министрі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өкілдері және Үкімет Аппараты мүшелері бар. Олжас Бектенов әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бақылауда ұстауды, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу