Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ұйым арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Әрі аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар жайлы айтылды. Мемлекет басшысы: «әлем елдерінің бәрі құрылым Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс», - деп санайтынын жеткізді. Ал Бас хатшы еліміздің жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Динара Жарқынбек
