Елімізде туберкулез ауруы қалай емделеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде туберкулез ауруы қалай емделеді?

30.03.2025

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 24 наурызды туберкулезбен күрес күні деп белгілеген. Әлемде жыл сайын 10 миллион адам туберкулез жұқтырады.

«Әлеуметтік» деп сипатталатын бұл ауру біздің елімізде де өршіген уақыт болған. Қазіргі ахуал қандай?

Үйі жоқ, көше кезгендер, есірткі мен ішімдікке тәуелділер және бұрын сотталғандар нақты бір емханаға тіркеле қоймайды. Сондықтан олардың туберкулез жұқтыру және тарату қаупі жоғары. Демек таяқшасы ауа арқылы таралатын ауруды ауыздықтау оңай емес.

Сонымен бірге туберкулезді емдеуге екі жылға жуық уақыт керек. Стационарда ұзақ уақыт жатуға адамдардың МӘМС жарналары жете ме? Толыққанды ем алмаған адам жазылмайды.

Және бір мәселе – көп ретте туберкулезбен ауырған адамды жұмысқа қабылдамайды. Иә, мүлде қабылдамайтын мекемелер, қызмет түрлері бар шығар. Дегенмен сырқатынан жазылған адам жұмыс істемесе, қалай өмір сүреді? Ауамен қоректене ме?

Ал міндетті флюорографиялық тексеруден өту өте маңызды.

Данияр Қайыртай сараптайды.


Хабарламаларға жазылу