Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен Әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Отандасымыз еркін жаттығу бағдарламасында өз мансабындағы 192.70 рекордтық ұпайын жинап, 6 жылдан кейін Қазақстан қоржынына жүлде сыйлады. Осылайша Михаил Шайдоров Әлем чемпионатында күміс медалды иеленген Қазақстан тарихындағы үшінші спортшы атанды.
Дархан Рахымжан
