Петропавлда «Адалдық сағаты» жобасы аясында студенттермен кездесу болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Адалдық сағаты» жобасы аясында студенттермен кездесу болды

01.04.2025

Жемқорлықпен күрес құзырлы органдардың ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Петропавлда «Адалдық сағаты» жобасы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес парақорлықтың алдын алу жолдары жайында айтылды. 2023 жылы елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды. Солтүстік Қазақстан облысында оған қатысуға 130-дан аса адам өтініш білдірген. Мамандардың айтуынша, еріктілердің дені - жастар.

Алмат Мырзалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының І орынбасары:

Мемлекеттік сатып алу, мониторинг жасауда, мысалы, кейбір жерде жер қайтару мәселесінде, жол салу саласында волонтерлер бар. Олар осы салада өзінің біліктілігімен бізге көмек көрсетіп жатыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу