Таиландта жарылған катерде Қазақстанның 4 азаматы болды. Олар аман, демалысын жалғастырып жатыр. Мұны Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Екі азаматтың төлқұжаты өртеніп кеткен. Консулдық оларға көмектесетінін жеткізді. Айта кетейік, Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды. Жергілікті порталдың мәліметінше, бортта 37 адам болған. Үш экипаж мүшесі, үш турист және бір гид жарақаттанған.
Темірлан Нұрсолтан
