«Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінім қабылдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінім қабылдау аяқталды

04.04.2025

«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде хабарлады.

Министрлік мұрындық болып отырған сайыс 10 түрлі номинация бойынша үздіктерді анықтамақ. Мақсат – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау. Байқау Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет 23 сәуірде аталып өтетін жаңа мереке «Ұлттық кітап күніне» орай ұйымдастырылып отыр.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу