Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды. Ол өзі басқарған мемлекеттік мекеме атынан басқа кәсіпорындармен өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасап, сол үшін 7 миллион теңгеден астам пара алған және жалғыз емес. Орынбасары да заңды белден басқан. Күдіктілердің кінәсі тергеу кезінде дәлелденді. Сот үкімімен басқарма бастығы Куконев 7 жыл 6 айға, ал оның орынбасары Майманов пен лауазымды тұлғаларға бірнеше мәрте пара берген кәсіпкер Жұмашев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Болат Аманбаев
